Индер ауданының әкімі мерекемен құттықтады

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ҚОНАҚТАРЫ!

Баршаңызды егеменді еліміздің мәртебелі мерекесі – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» - деген еді.

Сондықтан тарихи оқиғалар тоғысқан, тағылымы терең бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қасиетті де қастерлі мереке.

Бүгінде іргесі берік, абыройы асқақ мемлекетіміздің Тәуелсіздік алғанына ордалы 30 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз толағай табыстарға, елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Жаңа ғасырда қайта түлеген мемлекетіміз кемелденген, қуатты да іргелі елге айналды.

Мұның барлығы көрегенді көшбасшымыздың кемеңгерлігі мен сарабдал саясатының және халқымыздың жасампаз еңбегінің нәтижесі.

Қадірлі жерлестер!

Еркіндік пен азаттықтың бастауы болған мерейлі мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, игі істеріңізге сәттілік тілеймін!

Абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі әрқашан баянды болғай!

Тұғырымыз берік, еңсеміз биік, ұлы даламызда мәңгілік бейбітшілік пен ынтымақ орнасын!

ҚҰРМЕТПЕН,
Индер ауданының әкімі С.Өтеғұлов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521