Индер ауданы әкімі аппаратына жаңа басшы тағайындалды

ИНДЕР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ӨКІМІМЕН МУРЗИН АРТУР ТАБЫЛДЫҰЛЫ ИНДЕР АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.

Мурзин Артур Табылдыұлы - 1981 жылы 28 желтоқсанда Атырау облысы, Индер ауданы, Жарсуат ауылында дүниеге келген. Ұлты–қазақ. Білімі - жоғары.

2003 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «кеден ісі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы аудандық жастар, туризм және спорт бөлімінде бас маман қызметінен бастаған.

2005 - 2010 жж. Жарсуат ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман, 2010 - 2012 жж. аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадрмен жұмыс және мемлекеттік құқық бөлімінде бас маман.

2012 жылдың мамыр – қыркүйек айлары аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы, 2012 - 2013 жж. аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқық, төтенше жағдайлар және кадрмен жұмыс бөлімінің меңгерушісі.

2013 - 2014 жж. аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқық және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы.

2014 жылдан бері аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

Отбасылы. «Nur Otan» партиясының мүшесі.

Индер ауданы әкімінің баспасөз қызметі 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521