Индер ауданының әкімі мерекемен құттықтады

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ҚОНАҚТАРЫ! Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Көктемнің нұрымен шуақтанып келетін мерейлі мерекенің халқымыз үшін маңызы өте зор. Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Бірлік, татулық, ынтымақ – еліміздегі саясиэкономикалық тұрақтылықтың басты әрі негізгі кепілі.

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ынтымақтың ерекше үлгісін сақтап, еліміз достықтың, бірліктің мекеніне айналды. Оның жарқын мысалы, ауданымыздағы мыңнан астам этнос өкілдерінің жергілікті халықпен етене араласып, тату-тәтті, ынтымақта өмір сүруі. Осы достық пен бауырмалдықтың, татулықтың темірқазығындай болған ел бірлігі біздің баға жетпес байлығымыз болып табылады. Қадірменді жерлестер! Шаңырақтарыңыз шаттыққа, ізгілікті істеріңіз береке мен ырысқа толсын!

Тыныштық пен бейбітшіліктің тал бесігінде тербелген халқымыздың татулығы мен бірлігі нығая берсін, еліміздің болашағы баянды, іргесі берік, келешегіміз кемел болсын!

Құрметпен, Салауат ӨТЕҒҰЛОВ,

аудан әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521