Балалар қауіпті жерде жүр

Индербор кентінің кеңейіп, жылдан-жылға көркейіп келе жатқанына ризамыз. Әйтсе де кезегін күтіп тұрған шаруалардың аз еместігін «Болашақ» мөлтек ауданынан көрер едік.

Қазір мұнда бой көтерген үйлер қарасы бірқатар ауылдардың санынан асып кетті. Әлі де салынып жатқан, салынғалы жатқан үйлер қаншама? Мұнда мектеп болмағандықтан балалар 2,5-3 шақырым қашықтықтағы мектептерге қатынап оқуларына тура келеді. Жолай салынып жатқан үйлердің ортасымен жүреді. Ол жерде газға, суға қазған траншеялар қаншама.

Ал көшелерде жарық дегенің жоқ. Әрі орталықпен екі ортада бұрынғы ПМК маңындағы зираттар қоршалмай ашық-тесік жатыр. Осы мөлтек ауданда «Ару ана» кешені пайдалануға берілгенде оның маңына балаларға ойын алаңдары да салынғаны жөн болар еді. Қазір әрбір үйден шыққан 5-6 бала жазғы каникулда салынып жатқан үй құрылыстарының үстінде ойнап жүр.

Асфальт жолда түспей жатыр, жаңа шыққан автобусты да қайдан күтеріңді білмейсің. Әрі ол кентті айналып келгенше қашан?

Қорыта айтарым, «Болашақ» мөлтек ауданына мектеп пен балабақша және балалар ойнайтын алаң салуды әрбір тұрғын асыға күтеді.

Елеу ТӘЖІҒАЛИЕВ,

«Болашақ» мөлтек ауданы тұрғыны.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521