Әжелерге құрмет көрсетілді

 Халықаралық әйелдер мерекесіне орай әсерлі шара «Ханшатыр» мейрамханасында өтті. Мейрамхана иесі жеке кәсіпкер Жәми Тілегенқызы «Соғыс балалары» атты жобасына сәйкес соғыс жылдарында балалық шақтары өткен бір топ әжелерге құрмет көрсетті.

Салтанатты шараның ашылуында аудан әкімі Мейірім Қалауи құттықтап, елімізде аналарға жасалып жатқан үлкен қолдаулар ауданда да лайықты жалғасын тауып жатқанын атап өтті.

azheler-shatyrda

-Бәрімізде ана мен әжеміздің әлдиімен өстік. Менің де 84 жасқа келген анам бар, өсиеті мен өнегесі әркез есімде. Сіздер де әрқашан осындай ақжарқын көңілдеріңізден айнымай ұрпақтарыңыздың қызығына бөлене беріңіздер,-деді ол.

Сондай-ақ әкім өздерінің ниетімен әрбір мереке сайын үлкендерге құрмет көрсетіп жүрген жеке кәсіпкерге алғыс айтты. Мерекелік шарада Сағындық Бапқалиев, Төлеу Ербөлекова, Жаңыл Үсенғалиева, тағы басқа да қонақтар соғыс жылдарындағы қиын-қыстау кезеңдерден естеліктер сыр шертіп, ақ тілектерін білдірді.

mejrim

Жеке кәсіпкер Ақмаржан Мырзағалиева бұл жоба Жеңіс күніне дейін жалғасатындығын жеткізіп, қонақтарға ризашылығын білдірді.

Әсерлі шарада Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің оқушылары өнерлерін ортаға салды.

shokan

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521