Автобуста әйел адамды құтқарған жігіт құрметке бөленді

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев әйелді автобуста күш көрсетуден құтқарып қалған Райымбек Медетбекпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы әкімі оған ерлігі, батылдығы мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс айтты, сонымен қатар Алғыс хат пен бағалы сыйлықты табыс етті.

23 жастағы Райымбек Медетбек әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ жұмыс істейді.

Жұмыс барысында өзін теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар жауапты және бастамашыл маман ретінде жақсы жағынан көрсетіп жүрген жігіт.

Еске сала кетейік, Алматыда ер адам автобуста әйелге пышақ салған болатын. Райымбек Медетбек пен куәгерлердің жедел әрекеттерінің арқасында күш көрсетуші залалсыздандырылып, әйелдің өмірін сақтап қалды. egemen.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз