Атырауда журналистер кен орындарын мемлекет меншігіне қайтаруды ұсынды

Атырауда Бас редакторлар клубы жалпыхалықтық референдумға байланысты ұсыныс-пікірлерді саралады.

Ардагер журналист Төлеген Берішбай референдумға байланысты аудан, ауылдық жерлерде көбірек насихат жұмыстарын кеңірек жүргізуге шақырды. «Конституцияда халықтың талқысына түсуі тиіс көптеген мәселелер бар. Мәселен, жер тақырыбы. Халық жайылымдық, егістік жерлерді ел азаматтарына арендаға беруді қолдайды. Бірақ, кен орындары мемлекет меншігінде қалуы керек. Әкімдерді сайлау процесіне халық тікелей қатысатындай жағдай жасау жеткіліксіз. Әкімнің жұмысын халық бағалауы керек» деп атап өтті ардагер журналист Төлеген Берішбай.

tulegen-berishbaj

Атырау облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы Нәсіп Шалабаева ауылдарды дамытуға кешенді жоспарлар енгізуді ұсынды. «Кез келген мемлекеттің дамуы – экономикаға тікелей байланысты. Ауыл – экономиканың тірегі. Себебі, ауыл шаруашылығы халқымыз үшін сан ғасырлық тәжірибеден өткен шешуші сектор» деп атап өтті спикер Нәсіп Шалабаева.

Журналист Қаршыға Көшеков облыстық деңгейдегі сот төрағасын сайлауды ұсынды.

Жиынды қорытындылаған Атырау облыстық Бас редакторлар клубының жетекшісі Жанай Амантурлин ұсыныстардың Референдумды қолдаудың өңірлік штабына жолданатынын айтты.

Еске сала кетелік, 5 маусым күні елімізде жалпыхалықтық референдум өтеді. Онда Конституцияның 33 бабына өзгеріс енгізіледі деп күтілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521