«БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПТІК ОДАҒЫ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ КОМИТЕТІ» ҚБ-НІҢ ИНДЕР АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ БІЛІМ САЛАСЫНДА ЕҢБЕК ЕТІП, БҮГІНДЕ ОТБАСЫНЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ БОЛЫП ОТЫРҒАН ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ.
Аталған филиал төрағасы Қалжан Ахметова М.Сиранов орта мектебінің зейнеткері Жания Қалиахметова, Қ.Абаханов атындағы орта мектептің зейнеткері Болат Даулетов пен Маржан Аманбаева, Альфия Қамешева, Жамбыл атындағы орта мектептің зейнеткері Жеміс Құбашева, Клара Мұқанова, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің зейнеткері Райса Жұмағалиева апайдың отбасына арнайы барып, естелік сый тарту етті.
– Еңбек адамын құрметтеп, көпшілікке насихаттап отыру маңызды. Сіздер білім саласының дамуына үлкен жұмыс атқарып, отбасыларыңыздың да елге құрметті болуына ықпал еттіңіздер. Шаңырақ шаттығын, отбасы құндылығын ұғындырдыңыздар. Сол үшін алғысымыз шексіз, - деді Қалжан Ахметова.
Ардагер ұстаздар да алғысын білдіріп, батасын берді.
Жадыра НАРИМАНОВА
Индер ауданы