Әділін соттан күтеді

Жақында аудандық сотта сот төрағасы Жанат Хабаров БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2020 жылдың жұмысын қорытындылап, брифинг өткізді.

Алдымен сот төрағасы сот төрелігінің сапасын арттыруда, азаматтардың талап-өтініштерінің заң шеңберінде қаралуын қамтамасыз етуде, соттың ашықтығы мен халыққа қолжетімділігін насихаттау, соттардың жұмысының шынайылығын халыққа жеткізу мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылып келетініне тоқталды.

Мәселен, аудандық сотқа 2020 жылдың 12 айында – 252 арыз, 5 іс, барлығы 257 азаматтық, 43 адамға қатысты 25 қылмыстық және 240 әкімшілік құқықбұзушылық іс түскен. Сондай-ақ өткен жылы татуластыру рәсімдерін қолданумен 55 азаматтық іс қаралса, оның 23-і татуласу келісімін бекітумен тоқтатылған.

Талап-арыздарды қабылдаудан бас тарту жағдайы да кездескен. Оған істің соттың қарауына жатпауы мен сотқа дейінгі дауды реттеу тәртібі сақталмауы себеп болған. Осыған орай, аталған фактілерге жол бермеу және заңнамаларды тараптармен дұрыс қолданылуын түсіндіру мақсатында аудандық сотта тұрақты түрде семинарлар, дөңгелек үстелдер және ашық есік күндері өткізіліп келеді.

Сонымен қатар «Үлгілі сот» басымдық жобасын іске асыру аясында, фронт-офис құрылды. Онда халықтың нақты сұраныстары мен сот төрелігінің тиімділігін арттыру бойынша барлық ұйымдастырушылық мәселелер игерілген. Мұндағы көбіне-көп «Кедергісіз қағидат» бұрышының жасыл-ақ түстегі хай-тек стилінде безендірілгені сот жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігін іс жүзінде қамтамасыз ету мақсатын көздейді.

Шара соңында сот төрағасы алдағы уақытта сот ісін жүргізуді әрі қарай жетілдіру, ашықтығы мен қолжетімділігін, азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру бағытында жүргізілетін жұмыстарды сөз етті. Жаңа технологияларды енгізу мақсатында өткізілген «дөңгелек үстелдер» және семинарлар туралы баяндап, тілшінің сұрақтарына жауап берді.

Диас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521