Индер ауданда 2021 жылдың тамыз айының 23-31 және қыркүйек айының 1-9 аралығында «Абайлаңыз балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Республика аумағында өтіп жатқан бұл шараның мақсаты балалардың жол-көлік оқиғаларынан жарақат алуларының алдын алу және жаңа оқу жылының қарсаңында жасөспірімдер мен балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысына байланысты дағдыларын нығайту.
Ауданда акция аясында ПБ Әкімшілік полиция және Жергілікті полиция қызметінің бөлімшесі қызметкерлерімен рейдтер жүргізіледі.
Б.Сисенгалиев,
Индер АПБ ЖПҚБ ППТ-ның қызмет аға инспекторы
полиция аға лейтенанты