Жұмыссыздықты шешу жолдары

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына партия тізімі бойынша кандидат Нұртай Қожаханов Шымкент қаласында «Interoil&Services Kazahstan» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.

Іс-шара барысында депутаттыққа кандидат жұмыскерлерді партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарымен таныстырды. Сонымен қатар сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді. Ал Алматы қаласында Парламент Мəжілісінің депутаттығына партия тізімі бойынша кандидаттар Айдар Алибаев, Ирина Əлімжанова жəне Тазабек Сəмбетбай «Карина» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын баяндап, сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді. Жұмыскерлермен болған кездесудің басты тақырыбы жұмыссыздық деңгейі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мəселелері төңірегінде өрбіді. Сондай-ақ Парламент Мəжілісінің депутаттығына партия тізімі бойынша кандидат Нұрайнаш Камалова Атырау қаласында «Полимер Продакшн» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. «Мемлекеттің басқару жүйесінің тиімсіздігіне əкеп соқтырған, шешімін күттірмейтін басты мəселе – сыбайлас жемқорлық. Біз осы бағыттағы жұмысымызды əрі қарай да жалғастырамыз. Халықтың мүддесі біз үшін бірінші орында. Жалпы, партия басшылығы еліміздегі басты мəселе адал бизнесті тұншықтыратын, экономиканың дамуына жол бермейтін, халықтың əл-ауқатына кері əсер ететін сыбайлас жемқорлық екенін жиі алға тартады.

«Елде бенефициарлары қайта өңдеу салаларын дамытуға мүдделі емес корпоративтік, олигархиялық экономика қалыптасты. Нəтижесінде, жекелеген адамдар байып, миллиондаған адам кедейшілік жағдайында өмір сүріп жатыр. Бұл ретте, егжей-тегжей тергеу жүргізіп, ұрланған жəне оффшорларға шығарылғанның бəрін қазақстандықтарға қайтару қажет. Тəуелсіздіктің алғашқы кезеңінде, 90-жылдары, көптеген ірі кəсіпорын күлкілі сомаға жекешелендірілді. Осындай компаниялардың акцияларын халыққа өткізу туралы мəселе өте өзекті. Бұған IPO арқылы қол жеткізуге болады. Активтерді ұлттық экономиканың жаңа негізіне айналуға тиіс орта бизнес өкілдері арасында бөлу керек», деді кандидат.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521