Ұсыныс жерде қалмайды

Азат Перуашев бастаған «Ақ жол» партиясы республикалық штабының мүшелері Жаңаөзен қаласының еңбек ұжымдарымен кездесті. Штаб өкілдері алдымен Бекет ата басына зиярат етуден бастады.

«KMG EP Catering» ЖШС еңбек ұжымымен кездесуде маңызды мəселелер талқыланды. «Сайлаушылармен кездесуде біз тек партия бағдарламасы мен жоспарларымыз туралы ғана айтпай, сайлаушылар алдында атқарылған жұмыстар жөнінде де есеп береміз. Соңғы 3-4 жылда, Қ.Тоқаев Президент болып сайланғалы бері 10-12 жылдан бері табандылықпен ұсынып келген «Ақ жол» партиясының бастамалары жүзеге аса бастады. Мысалы, қазір көпшіліктің несиесі бар, бұл халық мойнындағы қамыт. Біздің партия 8 жыл бойы «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заңды қабылдау үшін күресіп келді. Сегіз жыл бойы Үкімет ұсынысымыздан бас тартып келген. Биыл 3 наурызда бұл заң күшіне енді. «Ақ жол» партиясы Парламенттік фракциясы құрылған соң өз жұмысын жалғастырады. Сіздердің қолдауларыңызбен Парламентке өтіп, ел үшін еңбек етуді жалғастыратынымызға еш күмəнданбаймыз», деді А.Перуашев.

Партия төрағасының орынбасары Қазыбек Иса партия бағдарламасының басым бағыттарына тоқталды. «Алаш» идеологиясы, əкімдердің қызмет атқаруы кезінде партия қатарынан шығуы, əділ сайлау туралы айтты. Ол еңбек ұжымын сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауға шақырды. Сонымен қатар ақжолдықтар «МұнайСпецСнаб» ұжымымен кездесті. Партия лидері саяси бағдарламаның негізгі алты бағытын атады: Тəуелсіздік пен «Алаш» ұлттық идеясы, демократия мен парламентаризм, сыбайлас жемқорлық жəне деофшоризациямен күрес, əлеуметтік əділеттілік, нарықтық экономика жəне кəсіпкерлікті қолдау, сыртқы саясат. Парламентаризм мəселесіне, соның ішінде Үкіметті жасақтауға жан-жақты тоқталды.

Партия Үкіметті парламенттік сайлауда жеңіске жеткен партия жасақтауы керек деп санайды. Сонда бұл партия өз Үкіметінің барлық жетістігі мен кемшілігі үшін жауапты болады. Ашық əңгіме форматында өткен кездесуде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, саяси жауапкершілік мəдениетін қалыптастыру, шетелдік мұнай-газ компанияларымен жасалған келісімшарттарды қайта қарау, жемқорлар шетелге шығарған қаржыны елге қайтару, жер мен жер қойнауы Қазақстан халқының меншігі болып табылатындығы туралы норма мəселелері талқыланды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT