Әр үйге–сапалы ауыз су

«Ауыл» партиясынан Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар Қайрат Айтуғанов, Николай Арсютин, Серік Егізбаев, Рабиға Тоқсейітова, София Әбдіразақова еліміздің солтүстігіндегі үш облысты ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған «Есіл су» кәсіпорны ұжымымен кездесті.

Құрамына Булаев, Есіл, Соколов, Преснов топтық су құбыры кіретін «Есіл су» кәсіпорны Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облысының 250-ге жуық елді мекенін, 200 мыңға жуық тұрғынын ауыз сумен қамтамасыз етеді. Кандидаттармен кездесуге аталған мекеменің жүзден астам жұмысшысы қатысты. Жиында сөз сөйлеген үміткерлер әлемдігі таза су тапшылығы жайлы жалпы мәлімет келтіріп, аталған үш өңір халқын тіршілік нәрімен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорын қызметкерлерінің жұмысын жоғары бағалады.

– БҰҰ мәліметі бойынша, әлем халқының жартысына жуығы су тапшылығын сезінеді. Соның ішінде, әсіресе таза ауыз су мәселесі өзекті. Сарапшылардың айтуынша, жер бетінде 780 миллионнан астам адам таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Ал 1,7 миллиард адам тұщы су көздеріне зәру. Әлемде жыл са­йын таза судың жоқтығынан, соның салдарынан болатын антисанитариядан мыңдаған адам көз жұмады. Ал елімізге келер болсақ 2025 жылға дейін қалалар 100 пайыз, елді мекендер 80 пайызға ауыз сумен қамтылмақ. Бұл сіздердің және сіздердің әріптестестеріңіздің ерен еңбегінің арқасы. Сіздер тартқан су құбыры әлем бойынша тартылған ең ұзын су құбыры ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. «Ауыл» партиясының басты мақсаттарының бірі – сіздердей еңбек адамына деген құрметті қайтару. Біз тек сіздермен елімізді индустриялық-аграрлық державаға айналдырамыз және сол арқылы бақуатты ауыл, дамыған қала мен қуатты мемлекет қалыптастырамыз, –деді Қайрат Айтуғанов.

Еңбек адамының төккен төрін бағалап, қамын жеген партия өкілдерін ұжым жылы қабылдап, сөздерін ықыласпен тыңдады. Партия сайлау­­­­алды бағдарламасы бағыттарының мақсат-мүд­делерімен қабысатынын айтты.

Egemen Qazaqstan

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT