Өмір сапасын арттыру маңызды

Астана қаласында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына партиялық тізімі бойынша кандидаттар Асхат Рақымжанов және Нұрлан Әуесбаев сайлаушылармен «Қазақстандағы өмір сапасының стандарттары қандай болуы керек?» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізді.

– Ел халқының өмір сапасын жақсарту – мемлекеттің басым бағыттарының бірі. Әлем бойынша статистикалық деректерге қарағанда жағдайымыз мәз емес. Өмір сапасын арттыруға бірнеше фактор әсер етеді. Жұмыссыздық мәселесімен қатар, жемқорлыққа қатысты мәселелерді түбегейлі шешпейінше, мемлекеттік басқару жүйесін қалыпты жүзеге асыру мүмкін емес. Жемқорлықпен күресті күшейту керек, парақорларға қатысты максималды жаза орнатып, мерзімінен бұрын босату құқығынан айыру қажет. Біздің мемлекетіміз, басқа да көптеген ел сияқты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр. Жемқорлықты жеңіп, мемлекеттің басқару жүйесін ауыстыру арқылы елдің экономикалық гүлдеуіне қол жеткізуге болады, – деді Нұрлан Әуесбаев.

Осылайша, партия мүшелері өмір сүру сапасының стандарттарын әзірлеу және енгізу мәселесін Парламентте бастамашылық жасауға ниетті. Кездесуде кандидаттар сайлаушыларды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Бағдарламада білім беру саласының дамуына ерекше көңіл бөлінгені айтылды. Медицина және білім беру салаларына ЖІӨ-ден жылына ең кемі 5-7%-ды бөлу ұсынылған. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өкілдері мұндай іс-шара дәрігерлер мен мұғалімдер еңбекақысының банк қыз­меткер­лері деңгейіне дейін көтеруге мүмкіндік бере­тінд­і­гін айтты.

«Мұның маңызы зор, себебі аталмыш ма­ман­дар адами капиталдың сапасына жауап береді, ал бұл өз кезегінде отандық экономиканы дамыту үшін негізгі талап болып саналады», деді Нұрлан Әуесбаев.

Іc-шара барысында әлеуметтік мәселелер көтерілді. Атап айтсақ, азық-түлік инфляциясы, коммуналдық тарифтердің құны, әлеуметтік кепілдіктер және мемлекеттік қолдау мәселелері қозғалды.

Кандидаттар сайлаушылардың сауалына жауап беріп, шама-шарқынша түйткілдердің түйінін тарқатуға тырысатындарын жеткізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз