Қоғамдық көліктегі кездесу

«Ауыл» партиясынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына және жергілікті мәслихаттарға кандидаттар үгіт-насихат жұмысын Семей қаласындағы қоғамдық көліктерде жүргізді. Іс-шараға Мәжіліс депутаттығына кандидат – Қайрат Айтуғанов, Серік Егізбаев, Дәурен Рахымбек, Дәулеткерей Кәпұлы және Жандос Тұрсынғалиев қатысты.

 

Парламент Мәжілісінің депутаттығына «Ауыл» партиясы атынан түсетін кандидаттар мен жергілікті мәслихаттар депутаттығына үміткерлер үгіт-насихат жұмысын күндізгі сағат 11.00-де қоғамдық қөліктердің соңғы аялдамасынан бастады.

Алдымен автобустарды «Ауыл» партиясының сайлауға қатысты «Ауыл төрге шықсын!» сияқты ұрандар жазылған жарнамамен әрледі. Кейін кандидаттар мен белсенділер үш топқа бөлініп, қала тұрғындарымен, жолаушылармен кездесті. Іс-шара аясында автобусқа кірген жолаушыларға партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары түсіндірілді. Халық­тан жергілікті атқарушы органның жұмы­сын жақсартуға арналған ұсыныстарды жинады.

– Партия әкімдер мен мәслихат депутаттары­ның халық алдындағы дербес жауапкершілі­гін күшейтеді. Ол үшін жергілікті мемлекет­тік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнаманы түбегейлі қайта қарайды. Олар халық алдындағы міндеттерін орындамаған жағдайда ең қатаң шараларды қолдануға қол жеткізеді, – деді Парламент Мәжілісі сайлауына «Ауыл» партиясы атынан түсетін кандидат Дәулеткерей Кәпұлы.

Кейін кандидаттар автобустар тиесілі автопаркке барып, көлік жүргізушілерімен кездесті. Көлік жүргізушілері өздерін толғандыратын мәселелермен, атап өтсек, жалақы, еңбек жағдай­лары, жұмыс жүктемесі туралы сұрақтар­мен бөлісіп, еңбек адамының мәртебесін көтеру туралы ұсыныстарын партия өкілдеріне жеткізді.

Кандидат Қайрат Айтуғановтың айтуынша, «Ауыл» партиясы Мәжіліске барғанда еңбек адамына ерекше құқықтық мәртебе беруге қол жеткізеді. Партияның ауылдықтарға ғана емес, қалалықтарға да ұсынатын көптеген бағыты бар екенін атап өтті.

«Қуатты ауыл – елдің сенімді тірегі. Біз азық-түлік нарығынан артық делдалдарды ығыстыру үшін бар күшімізді саламыз. Фермерлерді ірі сауда орталықтарына мүмкіндігінше жақындатамыз», деді кандидат.

Egemen Qazaqstan 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521