Қоғамдық көлік – қоғам айнасы

«Amanat» партиясының республикалық сайлауалды штабы мүшелерінің өңірлердегі сайлаушылармен кездесуі жалғасып жатыр. Кеше партиялықтар Абай облысына барды.

Семей қаласында партия төрағасы Ерлан Қошанов №35 бағыттағы автобусқа отырып, қала тұрғындарымен сөйлесті. Тұрғындар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол жөндеу, әлеуметтік нысандар салу сияқты маңызды мәселелерді көтерді.

Бұдан соң автобус паркінде өткен қоғамдық көлік саласының қызметкерлерімен кездесуде жолаушылар тасымалы мәселелері талқыланды.

«Қоғамдық көлік саласын дамыту – еліміздің барлық қаласында өзекті. Лық толы автобустар, оларды аялдамада сарылып ұзақ күту және тозығы жеткен қоғамдық көліктер тұрғындардың өмір сүру сапасына кері әсерін тигізеді», деді Е.Қошанов.

Партиялықтар әр өңірде қоғамдық көлік тапшылығы мен ескірген автопарктерге қатысты күрделі мәселені шешуге жүйелі түрде күш салатынын жеткізді. Үкіметпен бірлесіп, ескі автобус­тарды қысқа мерзімде жаңа, отандық көліктерге ауыстыруға мүмкіндік беретін шешімдер әзірленеді.

Сондай-ақ штаб мүшелері Ядролық медицина және онкология орталығының ұжымы­мен кездесіп, сайлауалды бағдарлама­ның өңірлердегі медициналық инфрақұрылым­ды жақсартуға бағытталған бөлімі туралы айтты. Партия 2027 жылға дейін медицина қызметкерлерінің орташа жалақысын көтеру­ге және дәрігерлер мәртебесін заңнамалық тұрғыдан бекітуге күш салады. Партия Семейде облыстық 5 денсаулық сақтау нысанының салынуын қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, 300 келушіге арналған 2 емхана, 400 төсектік көпбейінді аурухана, емханасы бар балалар ауруханасын және Қан орталығын тұрғызуға атсалысады.

Бұл күні штаб мүшелері Семейдегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының өкілдерімен және қала белсенділерімен коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және Мүлік иелерінің бірлестігі жобасын енгізуге қатысты мәселелерді талқылады.

Egemen Qazaqstan

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз