Ауданда сайлауға қатысуға құқығы бар 20473 азамат тіркелген.

сурет ашық дереккөзден алынды

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділгерей Сәкеновтың айтуынша, 2023 жылғы 19 наурыз күні өтетін ҚР Парламенті Мәжілісінің және  барлық деңгейдегі мәслихаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру ҚР Орталық Сайлау комиссиясының бекіткен күнтізбелік жоспарына сәйкес ұйымдастырылуда.

Ауданымызда 1 аумақтық, 6 округтік, 18 учаскелік сайлау комиссиялары, оларда барлығы 147 комиссия мүшелері бар.
Ауданда сайлауға қатысуға құқығы бар 20473 азамат тіркелген.
Азаматтарға дауыс берудің орны мен уақыты туралы хабарлау бойынша бірқатар шаралар атқарылуда.
Біркелкі нысанда азаматтарға хабарландырулар жасалып, олардың мекенжайларына таратылды.  Сонымен қатар, дауыс беру орны мен уақыты туралы ақпараттар және азаматтардың өз учаскелерін іздеу жөніндегі қызметтер комиссиялардың atyrau.gov.kz интернет-бетшесінде орналастырылды.
Қазіргі уақытта сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтар өздері тіркелген учаскелерден өздері туралы мәліметтермен таныса алады. Комиссиялар тізімдегі қателіктер мен жаңсақтықтарды түзету бойынша өтініштерді қабылдауға дайын және қажет болған жағдайда, азаматтар тізімдеріне өзгерістерді енгізеді.
Аталған құқықты іске асыру үшін сайлауды өткізуді ұйымдастыру кезеңінде азаматтарды учаскедегі азаматтар тізіміне енгізу туралы хабардар ету үшін онлайн сервистер, Call-орталықтар, интернет-ресурстар ұйымдастырылды.
Ақпараттық ресурстарда: 
Азаматтарды тізімнен іздеу бойынша арнайы Telegrambot @sailauAtyrauBot жұмыс жасады.
Сайлауды өткізуге арналған сұрақтарға жедел жауаптар алу үшін 2-03-85 номерлі Call-орталық жұмысы ұйымдастырылды.
Барлық учаскелер материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген (урналар, кабиналар, оргқұралдар, сейфтер, компьютерлер, телефондар, т.б.).
Ауданда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдайлар жасау бойынша қосымша шаралар қабылданды.
18 сайлау учаскелерінің 17-сінде пандустар бар (1 учаске (қырда орналасқан-жеке тұрғын үй) пандусты талап етпейді). Барлық учаскелер тактильдік белгілер, құлағы нашар еститіндерге құлаққап, көз жанары ақаулығы бар азаматтарға аудионұсқаны тыңдағаннан кейін өзі бюллетеньді толтыру үшін трафареттермен қамтамасыз етілді.
Аудан орталықтарында 1 инватакси қызметі ұйымдастырылады. 
Аудандық сайлау комиссиясымен қажетті санда дауыс беруге арналған бюллетеньдер дайындалды және олармен учаскелік комиссияларды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды.
Егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе, учаскелік комиссиялардың дауыс беру күні қорытынды шығаруы жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі.
Комиссия мүшелеріне арналған оқыту семинарлары, тренингтер ұйымдастырылды.
Учаскелердің сайлауды өткізу күніне дайындығы бойынша барлық шаралар алынып жатыр. 
 
 
Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
тел. 20034
интернет-сайт: atyrau.gov.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT