Президенттің 2025 жылғы Жолдауында білім мен ғылымға ерекше мән берілуі – еліміздің болашағына салынған ең маңызды инвестиция деп есептеймін. Мұғалім ретінде мен үшін бұл бағыттың басымдыққа ие болуы үлкен жауапкершілік жүктейді. Себебі сапалы білім – бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырудың негізгі тетігі.
Бүгінде білім беру саласында жаңашыл әдістер енгізіліп, цифрлық технологиялар кеңінен қолданылуда. Бұл оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, сыни ойлауын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ғылымға жас ғалымдарды тарту, зерттеу жұмыстарын қолдау – елдің инновациялық әлеуетін арттыратыны сөзсіз.
Жолдауда айтылған тапсырмалар мұғалім мәртебесін көтеруге, білім сапасын арттыруға бағытталғаны қуантады. Өйткені ұстазға көрсетілген қолдау – шәкірт болашағына жасалған қамқорлық. Ал білімді, ғылымға құштар ұрпақ – тәуелсіз еліміздің жарқын келешегінің кепілі.


