ЦИФРЛЫҚ ҚОҒАМҒА БЕЙІМДЕЛЕМІЗ

 «Жасанды интеллект пайда болғаннан бері болашақтың кемесіне мініп үлгеретін елдер мен ескі заманда қалып қоятын елдердің арасы алшақтай бастады. Сондықтан мен цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні Қазақстанның даму жолындағы басым бағыт деп жарияладым".

Биыл өте көп шаруа атқарылады. Осы айрықша маңызды жұмыстың табысты боларына сенемін.  Қазіргі таңда білім беру саласында цифрлық технологиялардың, соның ішінде жасанды интеллекттің (ЖИ) рөлі айтарлықтай артып келеді. ChatGPT, Google Gemini, Microsoft Copilot, Khanmigo, Scratch AI, Code.org AI Lab сияқты за манауи ЖИ құралдары оқу үдерісін жаңаша ұйымдастыруға мүмкіндік беруде. Информатика пәнінде бұл технологияларды қолдану оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, олардың цифрлық және алгоритмдік ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді. Оқытуды жекелендіруде, бағдарламалау дағдыларын дамытуда, оқушылардың қызығушылығын және мұғалім жұмысының тиімділігін арттыруда ЖИ-дің мүмкіндіктері көп. Информатика сабағында бағдарламалау тілдерін (Python, Scratch) үйрету бары сында бұл құралдар оқушының қателерін анықтап, нақты кері байланыс береді. Нәтижесінде оқу процесі жекелендіріліп білімді меңгеру сапасы артады. Scratch AI платформасы бастауыш және орта буын оқушыларына бағдарламалау негіздерін ойын арқылы меңгеруге мүмкіндік береді. Информатика сабағында AI-чат-боттар, виртуалды ассистенттер және интерактивті симуляциялар (мысалы, Code.org AI Lab) қолдану сабақты қызықты әрі нәтижелі етеді. Оқушылар жасанды интеллектпен диалог жүргізіп, нақты тапсырмаларды орындау арқылы өз білімін тәжірибеде қолданады Бұл олардың шығармашылық қабілетін және зерттеушілік дағдыларын дамытады. Microsoft Copilot, ChatGPT Edu сияқты құралдар арқылы мұғалім сабақ жоспарын құру, тапсырмалар дайындау, тест сұрақтарын жасау және оқушылардың оқу жетістігін талдау жұмыстарын жеңілдетеді. Автоматты бағалау жүйелері мұғалімнің уақытын үнемдеп, педагогке оқушылармен жеке жұмыс жасауға көбірек мүмкіндік береді. ЖИ құралдарын қолдану арқылы оқушылар сыни ойлау, деректерді талдау, ақпараттық қауіпсіздік, цифрлық этика және жасанды интеллект негіздері сияқты маңызды құзыреттерді меңгереді. Сонымен қатар Machine Learning for Kids, Teachable Machine (Google) платформалары арқылы оқушылар ЖИ модельдерінің қалай жұмыс істейтінін тәжірибе жүзінде түсінеді. Жасанды интеллект құралдарын тиімді пай далану білім беру сапасын арттырудың маңызды тетігі болып табылады.   Бұл    технологиялар оқушылардың білімін тереңдетіп қана қоймай, оларды болашақ цифрлық қоғамға бейімдейді. Сондықтан жасанды интеллектті оқу үдерісіне жүйелі енгізу заманауи білім берудің басты бағыттарының біріне айналып келе жатқаны қуантады.

 Әсем ТЕМІРБОЛАТОВА,

 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің

информатика пәні мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT