Суицид мәселесі – тек бір адамның немесе бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның жанайқайы. Соңғы жылдары бұл тақырыптың жиі көтерілуі адамдардың психологиялық күйіне, әлеуметтік қысымға және рухани қолдаудың жеткіліксіздігіне назар аудару қажеттігін көрсетіп отыр.
Қиын жағдайға тап болған адам көбіне жалғыз қалғандай сезінеді. Ал шын мәнінде, дер кезінде көрсетілген түсіністік, жылы сөз бен қолдау адам өмірін сақтап қалуы мүмкін. Сондықтан суицидтің алдын алу – тек медицина немесе психологтардың міндеті емес, бұл – ата-ана, мұғалім, қоғам және мемлекеттің ортақ жауапкершілігі.
Жастармен ашық сөйлесу, психологиялық көмекті қолжетімді ету, әлеуметтік желідегі теріс ықпалға қарсы сауатты ақпараттық саясат жүргізу – бүгінгі күннің басты талабы. Ең бастысы, әрбір адам өмірдің құндылығын сезініп, қиындықтың уақытша екенін түсіне алатындай орта қалыптастыруымыз керек.
Өмір – ең қымбат құндылық. Оны сақтау – бәріміздің ортақ міндетіміз.
Г.Қайрлықызы


