Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында шағын және орта бизнесті дамытуға айрықша назар аударылуы – экономиканы әртараптандыруға бағытталған маңызды қадам. ШОБ – ел экономикасының тірегі, жаңа жұмыс орындарының негізгі көзі әрі орта тапты қалыптастырудың басты тетігі.
Президент атап өткендей, кәсіпкерлерге қолайлы орта қалыптастыру, әкімшілік кедергілерді азайту және қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру – бизнестің дамуына серпін береді. Әсіресе өңірлердегі шағын кәсіпті қолдау ауыл экономикасын жандандырып, халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, цифрландыру мен инновацияны бизнестің күнделікті қызметіне енгізу – бәсекеге қабілеттілікті күшейтетін маңызды фактор. Мемлекеттік қолдау шаралары нақты нәтижеге бағытталып, адал еңбек еткен кәсіпкерлерге тең мүмкіндік беруі тиіс.
Жолдауда көтерілген бұл міндеттер шағын және орта бизнесті сапалы жаңа деңгейге көтеріп, тұрақты экономикалық өсімнің берік негізін қалыптастырады.
М.Жасқайратқызы
жеке кәсіпкер


