Шағын бизнес – үлкен экономиканың негізі

Президенттің 2025 жылғы Жолдауында кәсіпкерлікті дамытуға ерекше назар аударылуы біз, бизнес өкілдері үшін үлкен қолдау әрі сенім деп білемін. Себебі шағын және орта бизнес – ел экономикасының тірегі, халықты жұмыспен қамтудың негізгі көзі.

 

Кәсіпкер ретінде мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жеңілдетілген несие, гранттар, салықтық жеңілдіктер мен түрлі бағдарламалар өз ісімізді кеңейтуге мүмкіндік беріп отыр. Бұл – жаңа жұмыс орындарының ашылуына, отандық өнім көлемінің артуына және өңірлердің дамуына оң әсерін тигізеді.

 

Жолдауда айтылғандай, кәсіпкерлікті қолдау – тек бизнеске емес, жалпы елдің экономикалық тұрақтылығына салынған инвестиция. Өз ісін адал жүргізіп жүрген әр кәсіпкер қоғам дамуына үлес қосып келеді. Сондықтан мемлекет пен кәсіпкер арасындағы сенімді әріптестік одан әрі нығая береді деп сенемін.

 

Ел экономикасын алға жылжытатын басты күш – еңбекқор, жаңашыл әрі жауапты кәсіпкерлер екенін уақыттың өзі дәлелдеп отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT