Медициналық қызметтің қолжетімділігі – халықтың өмір сапасын арттырудың басты кепілі. Ел Президентінің Жолдауында бұл бағытқа ерекше назар аударылуы орынды. Қала мен ауыл арасындағы медициналық қызмет сапасындағы алшақтықты азайту, шалғай елді мекендерді заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету – уақыт талабы.
Сондай-ақ телемедицина мен цифрлық денсаулық сақтау жүйесін дамыту арқылы әрбір азаматқа сапалы әрі жедел медициналық көмек көрсету мүмкіндігі кеңейеді. Дәрігерлердің біліктілігін арттыру және медицина қызметкерлеріне жасалатын қолдау – халық сенімін нығайтып, ұлт саулығын сақтауға негіз болады.
Б.Аймагамбетова


