Мал шаруашылығын дамыту маңызды

Өзім баспасөзді жібермей оқып отырамын. Сондықтан Президенттің кешегі сұқбатынан таныспын.
Әрине онда ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту міндеті қойылған.  Осыған орай Премьер-министр ауыл шаруашылығы  министрлігіне нақты шаралар қабылдауы үшін бір апта уақыт берді. 


Яғни  ет өндірісі мен экспортының көлемін арттыру жөніндегі нақты шаралармен бірге, мал шаруашылығын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар енгізу міндеті қойылды. Сондай-ақ шаруаларға жеңілдетілген несие беру тетігін кеңейту тапсырылды.
Егіншілерді тікелей субсидиялау орнына жеңілдетілген несие беру тетігі өзінің тиімділігін көрсеткенін айта кету керек. 
Бүгінде аудан "Ауыл аманаты" жобасы бойынша 7  шаруа қожалық 2,5 пайызбен несие алуға құжат тапсырып отыр. Сондай-ақ басқа да қаржы институттары арқылы несиеден үміткерлер бар. Сонымен қатар алдағы уақытта ірі жобаларды жүзеге асыру мақсатында біраз іс қолға алынуда.
Қайткенде де ауыл шаруашылығында тың серпін пайда болады деген үміттеміз.


Мәмбетқали Құсайынов,
Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT