КӘСІПКЕРЛІК ҚАНАТ ЖАЙЫП КЕЛЕДІ

Экономиканы әртараптандыра отырып дамытуда отандық бизнестің алар орыны ерекше екенін уақыттың өзі дәлелдеп беріп отыр. Ол үшін мемлекет тарапынан мейлінше қолдаулар көрсетіліп келеді. Әрі мұндай қолдаулар алдағы уақытта да жалғаспақшы. Дейтұрғаныменде қолдау көрген әрбір кәсіпкер мемлекеттік шараларға да белсене араласып үн қосып отыруы да қажет.

 Бұл турасында жуырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық «Түркістан» газетіне берген сұхбатында кеңінен тоқталған екен. Онда Президент «Бизнес – кез келген елдегі эконо¬миканың негізгі тірегі. Біз ұзақ жолды жүріп өттік. Осы жолда жұрт жекемен¬шік институтына ешкім қол сұқпауға тиіс екенін түсіне бастады. Мен мемлекеттік билік жүйесінде жғары лауазымды қызметтерді ат¬қара жү¬ріп, сөзбен де, іспен де ұлттық бур¬жуа¬зияның заңды мүддесін қор¬ғауға ты¬рыстым. Себебі, экономиканы өркен¬дету және мемлекеттің қоғамдық негіз¬дерін нығайту ісінде кәсіпкерлер елеулі рөл атқаратынын жақсы түсі¬не¬мін. Тарихи себептер мен ұлт болмы¬сын¬дағы ерекшеліктерге байланысты ірі биз¬несмендеріміз қарапайымдылық, ұс¬там¬дылық сияқты қасиеттерге мән бере қоймайтыны рас. Мен Швейцарияда жұмыс істеп жүр¬генде аса ірі әрі белгілі кәсіпкерлермен кездесулер өткіздім. Сол кезде олардың өз қаражатын өте үнемдеп жұмсай¬ты¬нын және елден дараланып көзге түскісі кел¬мейтінін көріп, таңғалдым.

 Мил¬лиард¬таған қаржысы бар адамдар қона¬қ¬үй¬дің қарапайым бір бөлмесінде тұру¬ға намыстанбайды. Жеке ұшақпен ұш¬пақ түгілі, бірінші санаттағы орындарға да отырмайды. Бірақ, бұл – олардың бойын¬да ғасырлар бойы қалыптасқан дағды»,- деуінде үлкен мән жатыр деп білемін. Сонымен қатар кәсіпкерлеріміздің қайырымдылық шараларына да белсене аралусылары қажеттігіне де назар аударды. Мемлекет басшысы бұл турасында -Біз¬ге халық алдындағы жауапкершілігін жақ¬сы білетін әрі соны терең түсінетін ұлт¬тық буржуазия керек. Себебі, халық болмаса, олар ешқашан та¬бысқа жете алмас еді. Мен қоғамның игі¬лігіне қызмет ету билік жүктеген мін¬дет емес, мәртебелі парыз екенін тағы да олардың есіне салдым. Осы орайда, шет¬елде табысқа жетсе де, туған жерін ұмытпай, халқына көмектесіп жүрген ірі кәсіпкерлерді жақсы үлгі ретінде атап өттім. Ондай азаматтар ауқымды жо¬баларды жүзеге асырып жүр. Қала¬лар¬да инфрақұрылым салып, жөндеп, мұражайлардың, емханалар мен мек¬тептердің құрылысын қаржыландырып жатыр. Қазақстанда көп нәрсе өзгерді. Қо¬ғам¬дық сана жаңғыра түсті, мемлекеттік басқару жүйесі жаңарды, саяси қайрат¬кер¬лер ауысты. Ірі кәсіпкерлер ғана жү¬рі¬сінен жаңылмай, бәз-баяғы қалпын¬да келе жатыр. Бірақ, бұл, бір жағынан, би¬ліктің бизнеске көзқарасы дұрыс еке¬нін көрсетеді. Кәсіпкерлердің бәрі бірдей мемле¬кет¬тің қолдауын дұрыс түсіне бермейді, әр-дайым солай болуға тиіс деп қабыл¬дайды,- өте орынды тұжырым жасаған екен.

Аталған пікірді өз басым ұзақ жыл бойы кәсіпкерлік саласында еңбек етіп келе жатырған азамат ретінде қолдаймын.

 

Керімбай САБЫРҒАЛИЕВ,

Жеке кәсіпкер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT