Қорқыту емес-қолдау көрсет

Адамдар арасында өзін басқа адамнан күшті санап зорлық-зомбылық көрсетіп, қорқыныш үрей туғызып, өз дегеніне мәжбүрлеу бүгінгі күнде қоғамда буллинг деген атаумен кеңінен таныс. Кез-келген адам жас ерекшелігіне қарамай үйінде, көшеде, оқу орнында немесе жұмыс орнында тағы да басқа жерлерде буллингке ұшырауы мүмкін. Қоғамда буллинг шамадан тыс даралану, бәсекелестіктің өсуі, күнделікті өмірдегі әлеуметтік шиеленіс, өзара жанжалды қарым-қатынасқа байланысты анықталады. Аталған тенденциялар білім беру жүйесінде де жиі кездеседі.

Қазір Қазақстан мектептерінде жасөспірімдер арасында болып жатқан қорқыту мен зорлық-зомбылықтар педагогтер мен ата-аналар, құқық қорғау органдарын алаңдатуымен қатар, депутаттар арасында айтылып, дабыл қағу басталды. Осыған орай әлеуметтік жүйедегі жасөспірімдер жиі қолданатын Tik-Tokқа тиым салуда ұсынылуда. Әлеуметтік жүйелерді қолдануға тиым салу жасөспірімдер арасында орын алып жатқан қайғылы жағдайларды тоқтататын, тиімді шешім деп айтуға болмайды. Себебі көп жағдайда буллинкке ұшыраған оқушыда, ата-аналарда, сонымен қатар буллинг болған мектепте өз беделі мен абройын ойлап, бұндай оқиғаны жасырып қалуға тырысады. Сондықтан әлеуметтік жүйе болмаса қазір халқымыздың арасында көпшілікке таралып, қызу талқыланып, наразылық танытып, шешімін табуды талап етіп жатқан жасөспірімдер арасындағы жантүршігерлік буллинг жасырын қалып, өз жалғасын таба беруі де мүмкін еді.

Мысалы Буллинг түрі өте көп.

Психологиялық зорлық-зомбылық – балаға назар аудармау, кері итеру, бақылау және/не оқшаулауға, баланы қорқытуға, үрей сезімін тудыруға, баланың мінезіне ықпал етуге, оның өзін-өзі құрметтеу, өз бағасын білу сезімін жоюға, әлеуметтік және эмоционалдық дамуы мен жақсы өмір сүруіне кедергі келтіруге бағытталған қасақана жасалатын вербалды және іс-әрекеттік қимылдар схемасын қамтиды. Психологиялық кемсітушілік әрекетке баланың өзін керексіз,кемістігі бар, сүйкімсіз және қалаусыз болып табылатынына сендіру үшін жасалатын мазақтау, балағаттау, кемсіту, ұялту және дөрекі сөздер айту сияқты вербалды әрекеттер кіреді. Ол сондай-ақ баланы қорқыту және оны бақылау үшін қорқыныш сезімін тудыру мақсатында физикалық залал келтіре отырып балаға қауіп төндіру сияқты іс-әрекеттік қимылдарды да қамтиды.

 Физикалық зорлық-зомбылық – балаға қатысты өзге баланың не ересектің тарапынан физикалық зардапқа не жарақатқа әкелетін, баланың денсаулығына, оның өмірінің ұзақтығына, дамуына, өзін-өзі бағалау сезіміне нұқсан келтіруі мүмкін физикалық күш көрсету арқылы жасалатын әрекеттер. Физикалық зорлық-зомбылық ретінде бағаланатын іс-әрекеттің түрлері көп: соққы, ұру, итеру, тебу, тұншықтыру, шаштан тарту, сілкілеу, қандай да бір затпен не қарумен шабуыл жасау. Физикалық зорлық-зомбылық көбінісе балаға залал не жарақат әкеледі, тіпті баланың мүгедек болуына не қайтыс болуына да соқтыруы мүмкін.

Жыныстық сипаттағы сөздерді айту не қысым көрсету – қандай да бір баланың не ересектің балаға қатысты жыныстық алдап-арбауы, нәпсіқұмарлық сипатта ауызша не физикалық қысым көрсетуі, жыныстық құмарлықты ояту үшін балаға қатыгездікпен қарау. Басқа баланың жыныстық мүшелеріне қол тигізу/ұстау, баланы жыныстық белсенділікке қатысуға шақыру (нәтижесіне қарамай), жыныстық мүшелерді жалаңаштап көрсету, балаға порнография көрсету және баламен жыныстық қатынасқа түсуді қамтиды. 

Бопсалау – балаға зорлық не тән жарақатын салу қаупін қосқанда, қысым жасау не мәжбүрлеу арқылы заңсыз ақша мен мүлік талап ету және алу түрінде көрінетін қылмыс.

Кибербуллинг – баланың соңына түсу, қорқыту, ұялту мақсатында интернет арқылы таралатын әлеуметтік жүйелерді пайдалану. Дөрекі, қатыгез сипаттағы мәтіндік хабарламалар жіберу; жәбірленушіні онлайн режімінде мазақ ету не жеке басына тән ақпаратты, фотоны не бейнежазбаны орналастыру; басқа баланың қыр соңына түсу не мазақ ету мақсатында жалған тіркеу жазбасын, веб-парақшаны не он-лайн режімінде бейне жасау сияқты әрекет түрлерін қамтиды.

Құрбылар тарапынан қорқытып-үркіту – нақты не болжамды күштер теңсіздігін білдіретін мектеп жасындағы балалар арасындағы агрессивті әрекеттер. Мінез-құлықтың мұндай моделі қайталанып отырады немесе белгілі бір кезең сайын қайталануы ықтимал. Баланы кемсіту қорқыту, өсек тарату, балаға физикалық не сөзбен тиісу не әдейілеп топтан шығарып тастауды қамтиды.

 Кемсітушілік – баланың жынысына, ұлтына, ұлыстық мәртебесіне, әлеуметтік-экономикалық жағдайына, дініне не мүгедектігіне негізделген әділетсіз не бөліп-жару қарым-қатынасы.

Тән жазасы – физикалық күш қолданылатын, балаға қандай да бір жеңіл ауырту сезімін не қолайсыздықты сездіруге бағытталған кез келген жазаны білдіреді. Көбінесе, бұл соғып жіберу, шапалақпен тартып қалу, баланы қолмен не затпен ұруды білдіреді. Сондай-ақ тебу, сілкілеу, баланы итеру, тырнау, шымшу, шашынан тарту не құлағынан жұлқылау, балаларды қолайсыз позада ұстау, күйдіру, буға шалдыру, мәжбүрлеп жұтқызу (мысалы, баланың аузын сабынмен жуу не ащы дәмдеуіштерді жұтуға мәжбүрлеу) де қамтылады. Осы аталған жағдайлар орын алмас үшін мектепте тоқсанына кемінде 1 рет:

 - құқықтық жалпыға бірдей оқыту, сынып сағаттары, ата-ана жиналысы, сабақтан тыс тәрбиелік іс-шаралар және т.б. әңгімелесу, кездесу, пікір алмасу арқылы хабардар болуын арттыру; - оқыту семинарлары (вебинарларға), тренинг, шеберлік сыныптар, коучинг, конференция, форум, дебат, дөңгелек үстелге қатысу арқылы педагогтердің оқу-тәрбие жұмысындағы буллинг және кибербуллингті алдын алуға байланысты кәсіби құзыреттілігін арттыру;

 - оқушының заңды өкілдерін баланы жәбірлеуге (буллингке) жол берілмейтіндігі туралы (жазбаша немесе ауызша хабардар ету) хабардар ету;

 - білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қатысты жәбірлеу (буллинг) белгілеріне ол анықталған жағдайда жасырып қалуға тырыспай, дереу көңіл бөліп, шара қолдану  керектігін атап айтқан.

Осы аталған заңнамалық құжатта айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Буллинг және кибербуллинг» алдын алу маөсатында мектептегі сынып сағатында ескерілетін жағдайларға байланысты сынып сағатының үлгісі ұсынылып отыр. Сыныптарға байланысты қолданылатын материалдардың көлеміне және игеру мазмұнына қарай сынып сағаттарының өтілу жүйелілігін сақтаған жөн. Тақырыптарды бірнеше аптаға бөліп өткізу барысында оқушылардан кері байланыс алып, буллингті алдын алу және қорғану дағдыларының қалыптасқаныны анықтау арқылы тәрбие сағаттарының нәтижесі байқалады. Сонымен қатар жоспарланған кезекті сынып сағатына берілген тапсырма оқушының ақпарат іздеуіне ықпал етіп, өзара пікір алмасуға қызығушылықтарын арттырады. Мысалы, Quiziz, Kahoot, Word wall сайттары арқылы буллинг туралы білімдерін кеңейту мақсатында түрлі тапсырмалар жасауға болады.

 Г.Қайырлықызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT