Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында ауылдық аумақтарды дамытуға, соның ішінде жарық, ауызсу және газ мәселесіне баса мән берілуі – ауыл халқы үшін аса маңызды. Себебі бұл үш мәселе – күнделікті тұрмыстың ғана емес, ауылдың болашағының да негізі.
Ауылда тұрақты электр жарығы мен сапалы ауызсу болса, халықтың өмір сүру деңгейі айтарлықтай жақсарады. Ал газдың келуі – қыстың суығында отын іздеп әуреленбей, балалардың денсаулығына алаңдамауға мүмкіндік береді. Бұл – ауыл тұрғындарының қалаға көшуін азайтып, туған жерінде еңбек етуіне жағдай жасайтын маңызды қадам.
Президент Жолдауында инфрақұрылымды жаңғырту, инженерлік желілерді кезең-кезеңімен тарту туралы айтылғаны ауыл халқының үмітін оятты. Ендігі ең бастысы – бұл бастамалар қағаз жүзінде қалмай, нақты іске асса, ауыл тіршілігі жанданып, жастардың болашаққа сенімі арта түсер еді.
Жарығы, суы, газы бар ауыл – берекелі ауыл. Бұл бағыттағы мемлекеттік қолдау ауыл тұрғындары үшін нақты нәтиже әкелетініне сенім мол.
Қ.Бекқалиев
ауыл тұрғыны


