ДЕРТТІ БІРГЕ ЖЕҢЕЙІК

ЕЛІМІЗДЕ «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ТАЛАБЫНЫҢ АЯСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕР ӘР САЛАДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА. ӘСІРЕСЕ, ХАЛЫҚ ПАРАҚОРЛЫҚ ДЕРТІМЕН ЖИІ БЕТПЕ-БЕТ КЕЛЕДІ. СОНДЫҚТАН КЕЗ КЕЛГЕН ОРТАДА ПАРА БЕРУ МЕН ПАРА АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСУДЕ ҚОҒАМ БОЛЫП БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУЫМЫЗ ҚАЖЕТ.

Иә, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарыл татын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі – халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға та ралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке халық болып атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Консти туциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір қасиетін құрметтеуге міндетті. Осы ретте аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасында 2-11-88 сенім те лефоны жұмыс жасайтынын қаперлеріңізге беремін.

Айгүл АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ,

аудандық санитариялық- эпидемиологиялық

бақылау басқармасының жетекші маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT