Білім саласындағы цифрлық өзгерістер: ұстаз көзқарасы

Бүгінгі білім беру жүйесінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу – уақыт талабы. Мемлекет басшысының 2025 жылғы Жолдауында бұл бағыттың басымдық ретінде айтылуы ұстаз қауымы үшін аса маңызды. Себебі заманауи технологиялар оқыту сапасын арттырып қана қоймай, мұғалім еңбегін жеңілдетуге де үлкен мүмкіндік береді.


Жасанды интеллект негізіндегі білім платформалары әр оқушының деңгейіне қарай тапсырма беріп, оның оқу барысын жеке бақылауға жол ашады. Бұл әсіресе ауыл мектептері үшін тиімді. Сонымен қатар электронды журнал, онлайн ресурстар мен цифрлық оқулықтар уақытты үнемдеп, оқу процесін жүйелі ұйымдастыруға көмектеседі.
Дегенмен, цифрландыру тек техникамен шектелмеуі тиіс. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, тәрбие беру рөлі әрдайым басты орында қала береді. Сондықтан ұстаздарды жаңа технологияларды тиімді пайдалануға үйрету, цифрлық сауаттылықты арттыру маңызды деп санаймын.
Қорыта айтқанда, цифрландыру мен жасанды интеллект білім саласын жаңа деңгейге көтеретін қуатты құрал. Оны орынды қолдана білсек, бәсекеге қабілетті, заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеуге толық мүмкіндік бар.

 

Л.Алпыспаева

мұғалім

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT