Мемлекет басшысының 2025 жылғы Жолдауында ауылдық аумақтарды дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл – ел халқының едәуір бөлігі ауылда тұратынын ескерсек, өте өзекті әрі уақыт талабына сай бастама.
Жолдауда ауыл инфрақұрылымын жақсарту, жол, ауыз су, интернет сапасын арттыру, сондай-ақ ауыл шаруашылығын қолдау негізгі бағыттардың бірі ретінде белгіленді. Мұндай шаралар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын көтеріп қана қоймай, жастардың ауылда тұрақтап қалуына мүмкіндік береді.
Сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамыту, фермерлерге қолжетімді несие беру, жаңа жұмыс орындарын ашу ауыл экономикасын жандандырады. Білім беру мен денсаулық сақтау салаларының ауылда қолжетімді болуы – әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етудің маңызды тетігі.
Қорытындылай келе, ауылдық аумақтарды жүйелі дамыту – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, ұлттық құндылықтарды сақтайтын басты фактор. Жолдауда көтерілген бұл бастамалар толық жүзеге асса, ауылдың да, елдің де болашағы жарқын болатынына сенемін.
М.Ескалиев
ауыл тұрғыны


