Жолдауда ауылдық аумақтарды дамытуға ерекше көңіл бөлінуі – уақыт талабына сай маңызды шешім. Ауыл – елдің алтын бесігі, халықтың негізгі тірегі. Мемлекет басшысы инфрақұрылымды жақсарту, жол, су, интернет желілерін жүргізу, білім мен медицина сапасын арттыру мәселелерін көтеруі ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған нақты қадам деп білемін. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, жастардың ауылда тұрақтап қалуына мүмкіндік туады. Бұл өз кезегінде өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, елдің тұрақты дамуына жол ашады.
Жандос Кулбаев


