МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНДА АДАМ САУДАСЫ ПРОБЛЕМАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ ЛІГІН, МҰНДАЙ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ ЖӘ НЕ КІНӘЛІЛЕРДІ СОТ ТӘРТІБІМЕН ЖАЗАЛАУ РӘСІМІН ЖАҚСАРТУ ҚАЖЕТ ЕКЕНДІГІН, СОНДАЙ-АҚ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ІС-ҚИМЫЛЫН ҮЙЛЕСТІРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН АТАП ӨТТІ. ОСЫНЫ НЕГІЗГЕ АЛА ОТЫ РЫП, БҮГІНДЕ УӘКІЛЕТТІ ОРГАНДАР ДӘЙЕКТІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДЕ. ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ЖҮЙЕЛІ НЕГІЗДЕ ОСЫНДАЙ ФАКТОРЛАРДЫ АНЫҚТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАЛАРЫН ЖҮРГІЗІП ЖАТЫР. АДАМ САУДАСЫНЫҢ ҚОҒАМҒА ҚАУПІ ЖӘНЕ ЕЛ АРАСЫНДА ЖИІ ТАЛҚЫҒА ТҮСЕТІНІ ЖАСЫРЫН ЕМЕС.
Конститу цияның 1-бабында «Қазақстан Респуб ликасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінген. Мемлекет басшысы 2024 жылғы 5 шілдеде "Адам сауда сына қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, 2024 жылғы 5 қыркүйекте күшіне енді. Заң шеңберінде Қылмыстық кодекске қылмыстардың жаңа санаты – адам саудасына байланысты қылмыстар енгізіледі және "сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтер" де ген жаңа ұғым енгізілді. Сондай-ақ адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды жыныстық сипаттағы өзге де қызметтер көрсетуге тарту, сол сияқты осы мақсаттар үшін жеңгетай болу; осы қызметке тарту мақсатында, сол сияқты жеңгетайлық мақсатта жезөкшелікті, жыныстық сипаттағы өзге де қызметтерді насихаттау немесе жарнамалау; телекоммуникация желілерін, оның ішінде интернетті пайда лану арқылы жезөкшелікпен ай налысу, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтер көрсету және жеңгетайлық үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстауға қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Адам саудасына байланысты қылмыстар Қылмыстық Кодекстің 116, 125 (үшінші бөлігінің 2 тармағы), 126 (үшінші бөлігінің 2 тармағы), 128, 134, 308 және 309 және ҚР ӘҚБтК-нің 450-баптары бойынша ұйымдастырушылар жауапкершілікке тартылады. Со нымен қатар Заңда жезөкшелік қызметін, кәмелетке толмаған адамның көрінеу көрсететін өзге де жыныстық сипаттағы қызметті алғаны үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылады. Бұл ҚР ҚК-нің 122-бабы бой ынша жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді. Заңға сәйкес адам саудасына қатысты қылмыстар бойынша татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату алынып тасталды. Қылмыстық-процестік кодексте жәбірленушінің ар наулы әлеуметтік қызметтер алуға құқығы көзделеді. Заңдағы өзгеріске сай әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске медициналық ұйымдардың және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың лауа зымды адамдарының жаңа туған нәрестені тастап кету фактісі туралы хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Әлемде мыңдаған әйел, ерлер мен балалардың адам саудасының құрбаны болып жатқанын түрлі ақпарат көздерінен біліп отырмыз. Тіпті пандемия кезінде адам сау дасы бойынша тіркелген қылмыс саны 6 есе артқан екен. Жалпы 30 шілде – Бүкіләлемдік адам саудасына қарсы күнінде барлығының құқығын құрметтеуге және қорғауға арналған іс шаралар өтеді. Адамзат тари хында құлдықтың талай түрі болған. Бүгінде сол құлдықтың жаңа бейнесі саналатын адам сау дасы қоғамның өзекті мәселесіне айналып отыр. Біріккен Ұлттар ұйымының дерегіне сүйенсек, жыл сайын дүние жүзінде миллиондаған адам қанаудың құрбанына түседі. Адам саудасы ашық түрде жа салмайды. Алдымен әлеуметтік жағдайы төмен азаматқа үлкен мүмкіндік пен ақша ұсынылып, кейін оны бопсалап, мәжбүрлі түрде жұмысқа жеге бастайды. Бұл сауда негізінен біздің көз алды мызда болып жатуы да мүмкін. Мы салы көшеде қайыр сұрап жүрген балалар мен ересек жандар кез келген уақытта адам саудасымен айналысатын қылмыстық топтың құрбанына айналуы әбден мүмкін. Себебі мұндай азаматтардың көбіне сұраушысы, іздеушісі бол майды. Бұдан бөлек отбасын асы рау үшін кез келген жұмысқа келісетін әрі көбірек ақша табуға асығатын әйелдер мен ер аза маттар адам саудасының негізгі құрбаны болып табылады. Тоғыз жолдың торабында тұрған біздің елде бұл мәселе өзекті. Биыл Қазақстанда адам саудасына бай ланысты 78 жағдай тіркелсе, жыл сайын ІІМ адам саудасына байла нысты 150-ге жуық қылмыстық істі тіркеп, 50-ге дейін жәбірленуші анықталады екен. Сарапшылар қаржылық жағдайдың төмендігі, жұмыссыздық, кәсіптің болмауы адам саудасының құрбаны болу қаупін арттыратынын алға тар тады. Десе де жынысына, жа сына, ұлтына және басқаларға қарамастан кез келген жан адам саудасының құрбаны болуы мүмкін. Бұл жерде есте сақтайтын жайт, шетелде жұмыс істеуді таңдаған адам кез келген қауіпке дайын болуы керек. Және сол елдің заңдары мен ережелерінен хабардар болғаны дұрыс. Әдетте, мигрант шетелде жұмыс істесе де тіл мен заңдарды білмейді. Сол себепті өзге елге барып алған соң жолға кеткен қаражатты ақтау мақсатында кез келген ұсынысқа келісуге мәжбүр болады. Адам саудасына байланысты қылмыстардың профилактикасы, алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жо спары аясында ауданда «STOP трафик» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп тұрады. Іс-шара аясында адам сауда сына қарсы қылмыстарды ашу, алдын алу және болдырмау мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Тәртіп сақшылары адам саудасы жөнінде жадынамалар тараты лып, ауылдық жерлерге, қырдағы шаруашылықтарға барып, түсінік жұмыстарын назардан таса қылмайды. Еркінен тыс еркіндігінен ай ырылып, тәуелсіз елде жүріп тәуелділікке түскен адамдар не месе адам саудасының құрбанын білген жағдайда 116, 102 нөміріне қоңырау шалу қажет. Қылмыстың бұл түрімен құзырлы орган күресе бермек.
Ж.Нариманқызы


