Тазалық табалдырықтан басталады

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы – еліміздегі экологиялық ахуалды жақсарту, табиғатты қорғау және тұрғындардың экологиялық санасын арттыруға бағытталған маңызды бастама. 

Бұл акция арқылы әр азамат өз ауласын, көшелерді және қоғамдық орындарды тазалап, қоршаған ортаны көркейтуге үлес қосады.

Мақат ауданында да аталмыш акция қарқынды түрде өтіп жатыр. Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мақат – менің мекенім» атты тазалық шарасы басталды.

Акцияға 35 жасқа дейінгі жас отбасылар қатысып, өз ауласын, көше бойын тазалап, қоршаған ортаны көркейтуге үлес қосуда. Қатысушылар атқарылған жұмыстың бейнежазбасын түсіріп, есеп беріп отырады.

Бұл бастама аудан тұрғындарын экологиялық сананы арттыруға, таза және көрікті орта қалыптастыруға шақыруда. Акцияның нәтижесінде Мақат ауылының ауласы мен көшелері ұқыпты, таза әрі жайлы көрініске ие болмақ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT