Атырау облысында 250 мыңға жуық ағаш отырғызылды: экологияны жақсартуға бағытталған ірі жоба жалғасуда

Атырау облысында көгалдандыру жұмыстары қарқын алып келеді. Облыстың экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында қолға алынған ауқымды жобаның барысын бақылау үшін жергілікті атқарушы органдар, облыстық экология департаменті, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері Береке, Еркінқала ауылдары және Соколок арнасы аумағындағы жасыл аймақтарға барды.

Жасыл белдеулерді құру жобасы 2021 жылы NCOC компаниясы, Атырау облысы әкімдігі, Экология департаменті және Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті арасында жасалған меморандум негізінде жүзеге асырылып жатыр. Құжатқа сәйкес, жалпы көлемі 308 гектарды құрайтын төрт учаске – Атырау қаласы мен Мақат ауданы аумағында белгіленген.

Отырғызылған көшеттер саны:

    Соколок: 134 мың ағаш

    Береке: 73 мың ағаш

    Еркінқала: 21 мың ағаш

    Мақат және Доссор: 20 мың ағаш

Экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында жобада құрғақшылық пен тұзға төзімді ағаш түрлері: қарағаш, шаған, тұт, өрік, сары қараған және жиде отырғызылды. Көшеттердің жерсіну көрсеткіші 80%-ға дейін жетіп отыр.

Жобаның серіктес ұйымдары заманауи агротехникалық тәсілдерді, соның ішінде капиллярлы-ағынды суару жүйесін қолдануда. Бұл әдіс арқылы әр ағашқа тиімді ылғал жеткізіліп, топырақтың тұздану қаупі азаяды. Сонымен қатар, органикалық және минералды тыңайтқыштар пайдаланылады.

Аталған жоба — өңір экологиясын жақсартуға, сондай-ақ тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған NCOC компаниясының кешенді бастамасының бір бөлігі. Мемлекет, бизнес және қоғам арасындағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі ретінде бұл бастама Атырау облысының жасыл келешегіне нақты үлес қосуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT