Маған бұл тақырып аса маңызды болып көрінеді, себебі зорлық-зомбылық – тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның қауіпсіздігіне төнген қатер.
Әрбір азаматтың құқығы қорғалған, әділдік салтанат құрған орта қалыптастыру – бәріміздің ортақ міндетіміз.
Зорлыққа жол бермеу үшін отбасы, білім беру ұйымдары және құқық қорғау саласы бірігіп әрекет етуі қажет. Ең бастысы – әр адам үнсіз қалмай, әділетсіздікке бейжай қарамауы тиіс.
Зорлық-зомбылыққа мүлдем төзім жоқ деген ұстаным әр жүректе орнықса, қоғамдағы қауіпсіздік те, адам тағдыры да сенімді қорғалады.
Г.Насиполла


