Қазіргі таңда зорлық-зомбылық мәселесі тек жеке отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның жанайқайына айналып отыр. Бұл құбылысты уақытында тоқтату, оның алдын алу – әрбір азаматтың, әрбір мекеменің, жалпы қоғамның ортақ міндеті.
Алдын алу жұмыстары ең алдымен адам санасын тәрбиелеуден, зорлық-зомбылыққа төзімсіз көзқарас қалыптастырудан басталады. Мектептерде, отбасыларда, жұмыс орындарында қауіпсіз орта қалыптастыру маңызды. Балаларға да, ересектерге де өз құқығын білу, қиын жағдайға тап болғанда көмек сұрауға ұялмау мәдениетін үйрету қажет.
Сонымен бірге, тиісті органдардың жұмысы күшейтіліп, хабар беру тетіктерінің қолжетімді болуы, жәбірленушілерге психологиялық әрі заңдық көмек көрсету – зорлық-зомбылықтың алдын алудың тиімді жолдары.
Зорлық-зомбылықты азайту үшін қоғамда бір-біріне деген құрмет, түсіністік, мейірімділік артуы тиіс. Әркім өз ортасынан бастаса, кикілжіңді әңгімемен, түсіністікпен шешуге тырысса, жанжалдың алдын алуға болады.
Қорыта айтқанда, зорлық-зомбылықтың алдын алу – тек заңмен емес, адамдық қасиетпен, тәрбиемен, өзара құрметпен жүзеге асатын үлкен жұмыс. Біз осы бағытта біріге әрекет еткенде ғана қауіпсіз, тыныш қоғам қалыптасады.
психолог
Айтқалиқызы М

