Жыл басынан бері Атырау қаласынан 140 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды

Атырау қаласының тазалығына жауапты “Арнаулы Автобаза” коммуналдық мекемесінің қызметкерлері тәулік сайын 400 тонна тұрмыстық қалдықты жинап, полигонға апарады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Биыл облыс орталығының тазалығын қамтамасыз ету мақсатында 348 қоқыс контейнері сатып алынып, учаскелерге қойылған. Оған қосымша 325 қоқыс контейнері жаңасына ауыстырылған. 

-   Күнделікті тазалық жұмыстарына 324 жұмысшы мен 45 техника жұмылдырылады. Осы жылы біздің қызметкерлер қала сыртында орналасқан 53 стихиялық қоқыс алаңдарының 16-ын тазалап, 3700 тонна қоқыс шығарды. Бізге міндеттелген алаңдар түгелдей тазаланды,- деді  учаске басшысы Күләндә Әжіғалиева.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT