Кеше аудандық мәдениет үйінің жанынан құралған «Халықтық театр» ұжымы «Жұп пен жіп» музыкалық драмалық қойылымын сахналады.
Қойылымда әр жұптың әртүрлі тағдыры, ішкі жан дүниесі, махаббат пен адами құндылықтар, қоғамдағы лудомания шебер суреттеліп, музыкалық драма көрерменге терең әсер қалдырды.
Кәсіби актерлардың әсерлі қойылымына куә болған көзі қарақты көрермен түрлі эмоцияға бөленіп, шынайы өмірдегі мәселелермен бетпе-бет келді.
Осылайша, әрбір көрініс, музыкалық сүйемелдеу мен актерлердің жан тебірентер ойыны — драма әсерін күшейтіп, залдағы жиналған көпшіліктің жүрегіне жетті.
Қойылымнан кейін аудан әкімінің орынбасары Әсел Қаржауова қойылым режиссері мен театр ұжымына толағай табыстар тілеп, арнайы алғыс хат табыстады.
Ж.Қамза