Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауында айтылған бастамалар – уақыт талабына сай маңызды қадам.
Еліміздің экономикасы мен білім-ғылымына жасанды интеллектіні енгізу арқылы жаңа мүмкіндіктер ашылмақ. Әсіресе ауыл шаруашылығын спутниктік мониторингпен дамыту, құрылыс саласында BIM технологиясын қолдану, «Qazaq Digital Mektebi» жобасын жүзеге асыру – халқымыздың болашағы үшін жасалған игі істер.
ЖИ мамандарын даярлау, жастарды жоғары технологиялық жобаларға тарту – ертеңгі күннің кепілі. Президентіміз атап өткендей, «Қазақстанды бәсекеге қабілетті ел ретінде дамыту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу – басты міндет».
Бұл Жолдау – еліміздің тұрақты дамуы мен ұрпақ болашағын айқындайтын айрықша бағдар.
Жадыра Нариманова,
тілші.
Индер ауданы