Жас маман ретінде биылғы Жолдау маған ерекше әсер қалдырды. Онда айтылған бастамалар біздің буынның кәсіби қалыптасуына, еңбек нарығында өз орнын табуына нақты мүмкіндік беретінін көрдім.
Ең алдымен, білім беру сапасын арттыру, кадр даярлау жүйесін жаңарту, колледждер мен жоғары оқу орындарында практикаға басымдық беру – біз үшін аса маңызды қадам. Теория мен тәжірибені ұштастыру арқылы еңбекке дайын, бәсекеге қабілетті мамандар көбейетіні қуантады.
Сонымен қатар, жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған бағдарламалардың кеңеюі, алғашқы жұмыс орнына қолдау көрсету, стартап бастамаларға грант беру – өз ісін жаңа бастаған жас мамандарға үлкен демеу. Бұл өз қабілетімізді жүзеге асыруға жол ашады.
Жолдаудағы цифрландыруды дамыту, жаңа технологияларға бейімделген мамандарды даярлау бастамасы жас буын үшін ерекше маңызды. Себебі болашақ – жаңа дағдыларды жылдам меңгеретін, өзгерістерге бейім адамдардың қолында.
Қорыта айтқанда, Жолдау 2025 – жас мамандардың әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды құжат. Ондағы бастамалар жүзеге асса, еліміздің еңбек нарығы жаңарып, жастар үшін жаңа әрі кең мүмкіндіктер ашылады деп сенемін.
Талғатова Ә
жас маман

