Маған бұл жолдау, ең алдымен, нақты іс-шаралар мен нақты қолдау тетіктерінің жариялануымен ұнады. Жеке кәсіпкер ретінде мені қуантқаны – шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған жаңа мүмкіндіктердің көбеюі.
Біріншіден, салықтық жүктемені оңтайландыру, тексерістерді азайту, бизнеске қатысты барлық қызметтердің цифрландырылуы – кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау. Бұл бізге уақытты да, қаражатты да үнемдеп, жұмыс процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Екіншіден, қаржылық қолдау тетіктерінің кеңеюі, жеңілдетілген несиелер мен гранттық бағдарламалардың көбеюі шағын бизнестің дамуына нақты серпін береді. Әсіресе, ауыл кәсіпкерлеріне арналған жаңа мүмкіндіктердің ұсынылуы қуантады.
Үшіншіден, жолдауда көрсетілген отандық өндірісті арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, экономиканы әртараптандыру бағыттары – бизнес үшін өте маңызды. Бұл нарықтың кеңеюіне, кәсіптің тұрақты дамуына ықпал етеді.
Қорыта айтқанда, Жолдау 2025 – кәсіпкерлікті қолдауға арналған нақты қадамдардың жиынтығы. Осы бастамалар іске асқан жағдайда, еліміздегі шағын және орта бизнес жаңа деңгейге көтеріледі деп сенемін.
Сұлтанов С
жеке кәсіпкер


