Жол - ел дамуының күретамыры

«Жол активтерінің  ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалы 2025 жылдың алғашқы алты айында аймақ жолдарының сапасын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізді. Мекеме өңірдегі республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарға жүйелі тексерулер ұйымдастырып, жол құрылысындағы кемшіліктерді анықтауға және жоюға күш салып келеді.

Мекеменің негізгі мақсаты – салынып жатқан автожолдардың сапасын бақылау, құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапалы орындалуына мониторинг жүргізу, жол-құрылыс материалдары мен технологияларын зертханалық сынақтан өткізу арқылы елдегі жол қауіпсіздігін арттыру.

Республикалық маңызы бар жолдарда жүргізілген жұмыстар:

Ағымдағы жылдың алты айында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 24 нысанында 106 рет жолға шығу ұйымдастырылды. Бұл ретте зертханалық сынақтардан өткен 189 материал үлгісінің 21-і техникалық талаптарға сәйкес келмегені анықталды. Барлығы 170 ақаулық тіркеліп, оның 76-сы қалпына келтірілді.

Ал, жергілікті маңызы бар 106 нысанға 150 мәрте тексеру жүргізіліп, 856 сынама алынды. Оның 253-і техникалық талаптарға сай болмай шықты. Қазіргі таңда 69 ақаулық анықталып, жою жұмыстары жүргізілуде.
Мекеме мамандары тексеріс барысында сапасыз материалдарды пайдаланудан бастап, құрылыс технологияларының бұзылуына дейінгі бірқатар жүйелі проблемаларды анықтаған. Бұл деректер тиісті органдар мен тапсырыс берушілерге жолданды.
«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Атырау облыстық филиалы жол сапасын жақсарту мақсатында алдағы уақытта да бақылау жұмыстарын күшейтіп, саладағы кемшіліктерді жою бойынша нақты ұсыныстар ұсынатын болады. Жол – ел дамуының күретамыры екенін ескерсек, бұл бағыттағы жұмыс әрдайым басты назарда болмақ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT