Жұмысшы мамандықтарын меңгеру – уақыт талабы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Бұл шешім қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін ескеріп, қабылданған маңызды қадам. Себебі қазіргі таңда жұмысшы мамандықтарына деген сұраныс жоғары.

Өндіріс, құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету сияқты бағыттарда білікті жұмысшылардың жетіспеушілігі байқалады. Демек, жұмысшы мамандықтары ел дамуының басты қозғаушы күшіне айналып отыр. Бұл мамандықтар қазіргі заманның технологиялық және экономикалық талаптарына толық жауап береді және болашақта олардың рөлі одан әрі арта түсетіні сөзсіз.

Сондықтан бүгінгі жастар осы салаларды игеруге білек сыбана кірісуі керек. Бұл ретте мемлекет тарапынан қолдау көрсету, әсіресе, жұмысшы мамандықтарына арналған мемлекеттік гранттарды көбейту – өте орынды әрі өзекті мәселе. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде жастарға тегін оқуға мүмкіндік беру — олардың ынтасын арттырып, жұмысшы мамандығына деген қызығушылығын күшейтеді.

Нәтижесінде елімізде еңбек нарығына қажет білікті кадрлар көбейіп, өндірістің өркендеуіне, экономиканың дамуына нақты үлес қосылады. Жұмысшы мамандығын меңгеру — жай ғана кәсіп емес, ол ел болашағына қызмет етудің бір жолы.

Сәбит Халенов,

 Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT