Жұмысшы мамандықтары - болашақтың мамандығы

Кім-кім де болса жақсы жұмыс істесем, қаржылық жағдай тұрақты болса дейді. Осы салада жүрген соң көп нәрсені түсіндік. Қазір балаларымызға келешекте заңгер, бухгалтер боламын деп ойлама, жұмысшы мамандығын игер дегенді жиі айтамыз.

Жарық, су, жылу беретін, қала тазалығына жауапты мамандарға көктен қарайтындар, өкінішке қарай, қоғамда кездеседі. Мұның барлығы түптеп келгенде үйдегі тәрбиеден, таным-түсініктен басталады. Ертеректе үлкендер ұрпақтарына жоғары білім ал, ғалым бол десе деген шығар. Дегенмен қазір қолмен істейтін шаруаға қыры барлар жерде қалмайды. Адамның шеберлігін, қабілетін, өнерін ешкім тартып ала алмайды.

Жасырып несі бар, кәсіптік білім беретін колледжге баруға намыстанатындар көп. Ата-аналар да баланың кәсіптік білім алсам деген ұсынысын қолдай бермейді. Балаларға мектепте, отбасында дұрыс бағыт-бағдар бермеген соң қайда барарын, кім боларын білмей жүрген жастар көп. Оларға жұмысшы мамандықтары болашақтың мамандығы екенін түсіндіру керек. Бұл ортақ шаруаға үйде ата-ана, мектепте мұғалімдер араласуы қажет. Сонда ғана келешекте жұмыс­шы мәртебесін қалай арттырамыз деген сауалға нақты жауап аламыз.

Мейрамгүл Имашева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT