ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ТІГІНШІ – ӨНЕР МЕН ЕҢБЕКТІҢ ҮЛГІСІ

2025 жылдың Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялануы – қоғамдағы адал еңбек иелеріне деген құрметтің артуы деп білемін.  Бұл – қолымен істеп, жүрегімен жұмыс жасайтын мамандардың абыройын арттыратын жыл.

Солардың бірі – тігінші мамандығы.

Тігінші – матаға жан бітіріп, сән мен сапаны үндестіре білетін шебер. Қарапайым матадан киім, көрпе, перде секілді тұрмысқа қажетті бұйымдар дайындайды. Оның қолынан шыққан әр туынды – ұқыптылықтың, сабырдың және талғамның жемісі.

Тігіншілік – тек кәсіп қана емес, ол – ұлттың болмысы мен дәстүрін де сақтайтын сала. Қазақтың оюлы камзолы мен зерлі шапаны, қазіргі заманғы сәнді киімдер – бәрі де тігіншінің қолынан туады.

Жұмысшы мамандықтар ішінде тігінші кәсібі – нәзіктік пен төзімділікті қажет ететін ерекше бағыт. Бұл кәсіппен айналысатын жандар – сән әлемінің үнсіз шеберлері.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT