2025 жылдың "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялануы – қоғамдағы қарапайым еңбек иелерінің мәртебесін көтеруге бағытталған маңызды қадам.
Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының ел дамуына қосатын үлесін айқындап, біз секілді жастарды кәсіптік білім алуға ынталандырады. Еңбек – елдің тірегі, ал оны алға сүйрейтін жұмысшы қауымына көрсетілген мұндай құрмет – болашаққа жасалған қадам деп түсінемін. Дәнекерлеуші, слесар, электрик сынды мамандықтар нағыз ер азаматқа лайық мамандықтардың бірі деп ойлаймын.
Алмат Нығметов,
инженер