Биыл елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Жолдауда: «Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Әрі біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз», - деді президент.
Яғни қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағаланып, жұмысшы маманның беделі мен мәртебесі, қызметінің маңыздылығы арта түспек.
Қазір заман дамыды, цифрандыру заманы десекте жұмысшы мамандығына деген сұраныс азаймайды. Әсіресе біздің аудан ауылшаруашылық саласы дамыған аудан. Ауылшаруашылық саласын жұмысшы мамандықтарсыз елестету мүмкін емес.
Қоғамның еңбек адамына деген құрметін арттырумен қатар, елдің экономикалық дамуын қамтамасыз ететін жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын қайта бағалауға үлкен серпін береді. Жұмысшылардың мәртебесін көтеру деген бүкіл еліміздің өнеркәсібіне, ауыл шаруашылығымызға үлкен әсер беретініне сенеміз.
Мереке АҚСЕРЕНОВ,
ауылшаруашылық саласының ардагері