Жұмысшы мамандары – ел тірегі

«Біз жұмысшы мамандықтардың беделін арттырып, техникалық және кәсіптік білімді ілгерілетуіміз керек», - деген еді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында.

Осы сөзден кейін биылғы жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланған болатын. Бұл ел экономикасын шынайы алға сүйреп келе жатқан қарапайым еңбек иелеріне көрсетілген құрметтің белгісі.

Қоғамда ақ жағалы қызметке ғана ұмтылу белең алып, жұмысшы мамандықтар екінші қатарға ысырылғандай түсінік бар да бұл бастама өте орынды әрі дер кезінде көтерілген шешім деп білемін.

Қазіргі таңда осы мамандықтардың беделін арттыратын кез келді. Еңбектен еш ұялмау керек. Жастарға еңбек ету - ұрпаққа өнеге екенін түсіндіру біздің, үлкендердің міндеті.

Президенттің Жолдауында айтылғандай, мемлекет бұл бағытта нақты шараларды қолға алмақ. Кәсіптік және техникалық білім беру жүйесі жаңарып, жұмысшы мамандық иелерінің әлеуметтік жағдайы мен мәртебесі кезең-кезеңімен артады деп күтілуде.

Иә, бұл бастама қоғамда осы түсінікті орнықтырып, жастарды еңбекке баулуға бағытталған маңызды қадам болып отыр. Ал оны жүзеге асыру - баршамыздың ортақ міндетіміз.

Қ.Омаров,

Аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT