Жолдау 2025-та Президент жұмысшы мамандардың қоғамдағы рөлін ерекше атап өтті. Маған бұл ой өте орынды көрінеді, себебі ел экономикасының нақты дамуы – дәл осы еңбек адамдарының қолында.
Бүгінде өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік, қызмет көрсету салаларында жұмыс істейтін мамандар – мемлекеттің тірегі. Жолдауда аталған кәсіптік-техникалық білімді жетілдіру, жалақыны әділ белгілеу, еңбек жағдайын жақсарту, жұмыс орындарындағы қауіпсіздікті күшейту шаралары жұмысшы мамандардың әлеуметтік жағдайына үлкен серпін береді.
Сонымен қатар, жастарды жұмысшы мамандықтарға тарту, дуальды оқытуды күшейту, өндірістегі жаңа технологияларға бейімдеу – бәсекеге қабілетті кадрлар даярлаудың негізі. Бұл – болашақта жұмысшының тек орындаушы емес, білікті маман, өндірістің негізгі қозғаушы күші болуына жол ашады.
Қорытындылай келе, Жолдау 2025 жұмысшы мамандардың мәртебесін арттыруға бағытталған маңызды құжат. Еңбек адамына құрмет көрсету – ел дамуының басты өлшемі.
Айтқалиев Б
Аудан тұрғыны


