Жұмысшы мамандардың әлеуметтік мәртебесін арттыру

Қазіргі қоғамда жұмысшы мамандықтарының құндылығы артып келеді. Өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету салалары – бәрі де қолынан іс келетін, техника тілін білетін шебер мамандарға тікелей тәуелді. Сондықтан жұмысшы кадрлардың әлеуметтік мәртебесін көтеру – елдің экономикалық өсімін қамтамасыз ететін басым бағыттардың бірі.

Бүгінде электрик, дәнекерлеуші, механик, жүргізуші, құрылысшы секілді мамандық иелеріне сұраныс айтарлықтай жоғары. Оларды кәсіби даярлау, еңбекақысын лайықты деңгейге жеткізу, қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру – мемлекеттің назарында болуы тиіс. Бұған қоса, жұмысшы кадрлардың біліктілігін үнемі арттыру, жаңа технологияларды меңгеруіне жағдай жасау – саланың бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді.

Жастарға жұмысшы мамандықтарының беделін көрсету де өте маңызды. Қоғамды алға жылжытатын – нақты істің шебері, еңбек адамы. Сапалы жол, мықты құрылыс, дамыған өндіріс – барлығы да жұмысшы мамандардың қолынан шығады. Сондықтан бұл кәсіп иелерінің әлеуметтік мәртебесін арттыру – елдің еңбек мәдениетін нығайтып, болашаққа мықты кадрлық негіз қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

 Ақбота Жалғауова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT